ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалыптастырушы бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар
26-01-2022 10:00
Қалыптастырушы бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар

«Кәсіби өзін-өзі анықтау және жас маманның дамуы» жобасы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі Республикалық педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп «Қалыптастырушы бағалауды жоспарлаудағы қадамдар» атты онлайн вебинар өткізді. Мақсаты - оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға тарту және қалыптастырушы бағалауды жоспарлауға арналған тапсырмаларды құрастыру мәселелері бойынша жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету. Вебинарға мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің 60-тан астам жас мамандары қатысты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубының меңгерушісі Шолпан Саменқызы Нұрахметова, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, аға менеджері Айман Рахымжанқызы Ибраева жас мамандар алдында сөз сөйледі.

Жас мамандар оқушыларды оқу үрдісіне қалай қатыстыру керек деген сұраққа жауап іздеп, ізденіс жұмыстарына қосылды, оқушының білім, білік, дағдысын қалыптастыратын бағалау кезеңдерімен танысты. Шағын топтарда жұмыс істей отырып, олардың сабақта қолданылуын іс жүзінде пысықтады. Қатысушылар өздерінің жұмыс тәжірибесін стикерлерге жазды, белсенділікті құру және қолдау үшін спикердің рөлін анықтады. М.Әлімбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ақәділ Кежебекұлы Есенқұл өз тапсырмаларын әріптестерімен бөлісіп, пайдалы кері байланыс ала білді. Рефлексиялық бөлім сауалнама және диалог түрінде өтті: біз немен кетеміз, тәжірибеге нені алып кетуге дайынбыз?

Онлайн вебинардың оқу материалын меңгеру нәтижелеріне сүйене отырып, қатысушылар кез- келген оқыту форматында сабақ барысында оқушылардың белсенді әрекеттесуін қолдау жолдарын таңдай алды, бүгінгі күні білімді интеграциясыз практикалық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкін еместігіне көз жеткізді, өзінің әдістемелік білімін толықтырды. Вебинар материалдары электронды әдістемелік дайджестке орналастырылып, практикалық қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.