ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәскеудегі халықаралық байқаудағы жетістіктер
27-01-2022 11:58
Мәскеудегі халықаралық байқаудағы жетістіктер

Бейнелеу өнері бойынша өткен «Самал жел» халықаралық байқауына 2021 жылдың мамыр айында Павлодар қаласының көркемсурет мектебінің 20 оқушысы өз жұмыстарын жіберді.  Байқау Мәскеу қаласындағы «Шексіз балалық шақ» халықаралық фестивалі аясында өтті.

Мектетің 5 - 18 жас аралығындағы оқушылары түрлі қолөнер, қолданбалы өнер шеберлері мен туындылары туралы өз көзқарастарын суреттеді. Байқау қорытындысы бойынша Павлодар мектебінің 13 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде I орын - 3, II орын - 5, 4 номинация бойынша III орынды - 5 оқушы.

«Жаңа бояулардағы әлем» номинациясында I орынды кесте тігу техникасындағы «Ілеспе жел!» жұмысы үшін Юлианна Чапалова, 12 жаста, (ұстазы Наталья Владимировна Решетова), «Ұлттық кәдесый» номинациясында жұқа киізден орындаған «Қазақ ою - өрнегі» жұмысы үшін Гюзаль Нургазы, 12 жаста, (Шамиль Ракымбекович Шушаев), кестедегі «Дастархан» жұмысы үшін Дарья Захаркина алды, 14 жаста (Инна Владиславовна Масленникова).

II орынды «Жаңа бояулардағы әлем» номинациясында аралас техникадағы «Баянауыл» жұмысы Алуа Тырныкаева, 15 жаста (ұстазы Анжелика Николаевна Бамбуляк), гуашьпен орындаған «Автопортрет» жұмысы үшін Азиза Бауыржан, 13 жаста (Светлана Евгеньевна Рейн), «Менің бақытты балалық шағым» номинациясы бойынша гуашь техникасындағы «Мереке» жұмысы үшін Айлин Муталапова, 8 жаста (Раиса Петровна Степанко), «Қолөнер жәрмеңкесі» номинациясы бойынша түрлі-түсті қарындаштармен жасалған «Тігін салоны» жұмысы үшін Анастасия Пичахчи, 13 жаста (Светлана Евгеньевна Рейн), аралас техникадағы «Масленица» жұмысы үшін Александра Нарушина жеңіп алды, 14 жаста (Татьяна Васильевна Ахметжанова).

- Байқауға қатысу балалар үшін өте пайдалы және беделді. Бұл олардың дамуына және одан әрі өсуіне ынталандырады және демеу береді. Сонымен, Настя Пичахчи «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының облыстық турының, 2020 жылы Алматыда өткен «Балалар әлемді бейнелейді.Қазақстан», «The Planet of Art» халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып табылады, - дейді оның ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн.