ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Онлайн оқуға арналған әдістемелік-дидактикалық құрал
28-01-2022 09:21
Онлайн оқуға арналған әдістемелік-дидактикалық құрал

Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінің шығармашылық тобымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «5-сыныпқа арналған Online Mektep сабақтарының әзірлемесі» әзірленді. Шығармашылық топтың құрамында Смагулова Кульнаш Сериковна, Казыбаева Умыт Жамбуловна, Рахимжанова Айнур Кабыкешовна, Кушербаева Ризаш Жасулановна, Тугумова Гаухар Сейтказиевна жұмыс жасады. Мақсаты: онлайн желісі үшін тілден білімді жетілдіру бойынша қызықты тапсырмаларды құру, оқушылардың танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру. Заманауи ақпараттық  технологияларды тиімді пайдалануға үйрету.

2021 жылғы наурызда сабақ әзірлемелері «Online Mektep» платформасына танысу үшін жүктелді. Әдістемелік-дидактикалық құрал 2021 жылғы 12 наурызда «Үздік әдістемелік-дидактикалық материал-2021» қалалық байқауының қорытындылары бойынша І орын иеленді. Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, «Көкжиек - Горизонт» баспасының 5-сыныбына арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқулығының авторы Р. С. Рахметова қолдау білдірді. 2021 жылғы сәуірде жоғарыда аталған мұғалімдер «Көкжиек - Горизонт» баспасының 5-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқулығының авторлар тобы ұйымдастырған вебинарға қатысты.

Оқулық авторлары жұмыстың өзектілігін ерекше атап өтті. Әдістемелік-дидактикалық құралдың мұғалімдері 2021 жылғы тамыз педагогикалық оқуларында «Online Mektep платформасындағы сабақ әзірлемелері» атты озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі уақытта әдістемелік-дидактикалық құралды Қазақстан педагогтері мен оқушылары онлайн оқытуда пайдалануда.