ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Мақатаев оқуларының қорытындысы
31-01-2022 12:22
Облыстық Мақатаев оқуларының қорытындысы

2022 жылғы 27 қаңтарда Мақатаев оқуларының облыстық кезеңіне онлайн форматта облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 52 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласының  № 30, Қ. Бекхожин атындағы  (2) мектептерінен 3 оқушы, қалалық оқу кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Мақсаты - қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, эстетикалық тәрбие беру, поэзияға деген сүйіспеншілік, жас  оқырмандардың   ақындық  дарындылығын  қолдау. Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - ақынның өлеңдерін жатқа оқу, «Жыр эстафетасы» - «Аққулар ұйымдастырған», «Райымбек, Райымбек», «Алтай - Атырау», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» - өз шығармасының өлеңдерін оқу.

Облыстық оқу қорытындысы бойынша «Жыр эстафетасы» бағытында ІІ орынды № 30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нұрлан Ескендір иеленді. Ол байқау шарты бойынша барлық 4 поэманы жатқа орындады.

ІІІ орын «Айтып өткен ақында арман бар ма?» жүлдесін Қ. Бекхожин  атындағы ЖОМ 11 сынып оқушысы Бейсембай Камила иеленді.  Ол «Болады деп арманда», «Сәби болғым келеді», «Мәңгілік жастық», «Ғашықтың үш бағы» өлеңдерін жатқа оқып, М. Мақатаевтың шығармаларын оқып жатқанын көрсетті.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.