ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтар Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды
31-01-2022 17:29
Жас педагогтар Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды

Қазақ ағартушысы, ақын және аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысында 17, 45, 93 балабақшалардың 10 жас педагогы өз білімдерін көрсетті. Байқау 2022 жылдың 27 қаңтарында № 45 балабақшада Павлодар қаласының білім беру бөлімі өткізді. Мақсаты - Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін көпшілікке тарату, қазақ ағартушыларының шығармаларын зерттейтін жас педагогтарға қолдау көрсету.

Қазылар алқасының құрамында Бұқар Жырау атындағы Әдебиет және өнер мұражайы мен С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері болды. Сөйлеу техникасы мен мәдениетін, интонациялық мәнерлілігін, жас педагогтардың әртістігін бағалады.

Байқауға қатысушылар А.Байтұрсыновтың «Маса», «Анаға хат», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Қартайған арыстан», «Жас ағаш» атты белгілі шығармаларын жатқа оқыды. Байқауға қатысушылар көрермендерге Ұлы ақынның азаматтық сезімі, оның ағартушылыққа, еңбекке, халықтың бостандығына шақыруы туралы идеяларын жеткізе алды.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Анаға хат» өлеңін жатқа оқу бағытында № 17 балабақша тәрбиешісі Жанғузина Насихат, II орынды № 93 балабақша тәрбиешісі Ахтан Лашын, III орынды № 93 балабақша тәрбиешісі Жұмабай Бақытгул иеленді.

«Туындыны сахналау» бағытында № 93 сәбилер бақшасы педагогтары «Жас ағаш» туындысы бойынша қойылыммен үздік атанды, ІІ орын - «Өзен мен қарасу» туындысы бойынша № 45 сәбилер бақшасы педагогтары. Байқаудың барлық қатысушылары Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.