ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың танымдық кездесуі
01-02-2022 11:53
Оқушылардың танымдық кездесуі

«Жерлестердің жетістіктері марафоны» мектеп бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде Павлодар география үйінің директоры, журналист, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Александр Анатольевич Вервекинмен кездесу өтті. Мақсаты - қаланың танымал адамдарымен танысу және ынтымақтастық. Кездесуге мектептің 9 - 10 сынып оқушылары қатысты.

Кездесуде Александр Анатольевич бала кезінен саяхат пен географиялық ашылулар туралы армандағанын айтты. Ал есейген соң, өз армандарын жүзеге асыруға тырысты. Қатысушылар үшін Карск теңізіндегі Вилькицкийдің арктикалық аралына экологиялық экспедиция туралы білу қызықты болды. Еріктілер аралда бір айға жуық уақыт өткізіп, аралды кеңес заманынан қалған металл қоқыстардан тазартты.

- Қоқысты жинау бойынша басты міндет орындалды. Екі гектар аумақты қоқыстан тазартты. Менде сондай-ақ, ақ аюды көруге және Солтүстік Мұзды мұхитта жүзуге мүмкіндік болды, - деп Александр Анатольевич өз әсерімен бөлісті.

Оқушыларға Арктикаға экспедицияның бейнекадрлары мен фотосуреттері ұсынылды, қонағымыз мектеп жұмысында пайдалану үшін кітаптар сыйлады. Мектептің география Үйімен ынтымақтастығы жалғасатын болады.