Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді құру туралы
01-02-2022 16:41

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі - Қағида) 5-тармағын іске асыру мақсатында, Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жалпы орта білім беру мектептерінде жұмыс жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (болған жағдайда), осы білім беру ұйымында ата-аналар комитеті, меценаттар (бар болса) ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен оқушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілдері кіреді.

оғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін 30-14-97 телефоны бойынша сағат 9-дан 18.00-ге дейін хабарласу қажет.Ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 14 ақпанына дейін.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі