ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық әлеуметтік-білім беру байқауының қорытындысы
03-02-2022 09:10
Облыстық әлеуметтік-білім беру байқауының қорытындысы

«Bilimland» ЖШС жариялаған «Қазақстанның үздік педагогі (ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша)» атты республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы аяқталды.

Байқауға дәстүрлі оқыту форматында OnlineМektep платформасының цифрлық технологияларын пайдаланатын мұғалімдер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша облыста мұғалімдер арасында жеңімпаздар анықталды.

I орынды № 11 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Клюкина Лариса Александровна, II орынды Павлодар қаласы М. Әуезов атындағы ЖОМ география пәнінің мұғалімі Төлебаева Салтанат Бахитқызы иеленді. Байқау ережесіне сәйкес жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды - 1 орын - 500 000 теңге, 2 орын - 300 000 теңге.

OnlaneMektep платформасында бірінші кезеңге қатысу үшін олар цифрлық және жаратылыстану-ғылыми ақпаратты талдау мен синтездеуді, функционалдық сауаттылық жөніндегі тапсырмаларды қамтитын пән бойынша интерактивті тапсырмалар жасауы қажет болды. Бұл тапсырмалар екінші тоқсандағы тақырыптарды зерттеу барысында сыналды. Бұл платформаны оқушылар неғұрлым көп пайдаланса, олар ұсынылған тапсырмаларды орындаса, мұғалім соғұрлым көп ұпай алды.

Екінші кезеңде Bilimland платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық сауаттылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - құзыреттілігі және дағдылары бойынша тестілеу жүргізілді.