2022 жылғы ақпан - сәуір аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Halyk radiosy «Ертіс медиа» ЖШС-мен бірлесіп «Қазақша үйренейік» - «Қазақ тілінде сөйлеуді үйренеміз» қалалық байқауы өткізіледі. 3 ай бойы байқау қаланың № 5, 6, 11, 14, 29, 34, 43 жалпы білім беретін мектептерінің 8 сынып оқушылары арасында өтеді.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілді үйрену, қазақ тілін оқып жатқан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.
Байқау шарты бойынша қатысушылар 2 апта бойы таңдалған тақырыппен жұмыс істейді-өлеңдерді, қазақ тіліндегі мәтіндерді, радио деректерін үйретеді.
Содан кейін 7 оқушы радиода тікелей эфирге қатысады, ал басқа қатысушылар өз жұмыстарын Whatsapp Halyk radiosy-ға жібереді.
Эфирге шығу жиілігі: 2 аптада 1 рет - осы уақытта қатысушылар үй тапсырмасын орындаумен айналысады. Көрсетілген кезеңде барлығы 6 сабақ өтеді
Байқау қорытындысы барлық қатысушылар арасында шығарылады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломжәне Halyk radiosy бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі