ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі
04-02-2022 15:20
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 2 ақпанында Б. Момышұлы атындағы ЖОМ «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Мақсаты - отбасылық тәрбиенің, ата-аналармен жұмыс істеудің рөлі. Қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының 42 орынбасары қатысты. Семинар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Б. Момышұлы атындағы мектептің педагогтары баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Сыздықбаева Күлжаз Құдышқызы «Үш одақ: мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында сөз сөйледі. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ақбанова Айжан Хабиболлақызы «Бала тұлғасын дамытудағы отбасының рөлі» тақырыбында, мектеп психологы Күнболатова Қуаныш Қуатқызы - «Отбасылық тәрбие және оның бала тұлғасын дамытудағы рөлі» тақырыбында, сынып жетекшісі, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сеитова Назира Дәуренбекқызы - «Ата - аналармен жұмыс» тақырыбында, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рысбек Естай - «Заманауи отбасындағы тәрбие ерекшеліктері» тақырыбында өз жұмыстарымен бөлісті.

Семинар жұмысына ата-аналар, оқушылардың туыстары қатысты. Атап айтқанда, «5:32» сериалында басты рөлді сомдаған жерлесіміз, жас әнші, танымал қазақстандық актер Болат Қобыланды бала тәрбиесінде рухани-адамгершілік тәрбиеге, ата-ананың жеке үлгісіне, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара қарым-қатынасқа көңіл бөлу керектігін атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар мектептерге жұмыста пайдалану үшін жолданды.