ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
08-02-2022 09:14
Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Облыстық жасөспірімдер олимпиадасына облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7 - 8 сыныптарынан 305 оқушы, қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Жасөспірімдер олимпиадасы 2022 жылғы 2 - 4 ақпанда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы және  бағдарламалау - математика, физика, биология, химия, география, бағдарламалау пәндері бойынша бір тесттік турда өтті.

Павлодар қаласының намысын 15  жалпы білім беру мектептерінің қалалық кезеңінің жеңімпаздары № 39, 17 бағдарламалау бойынша, М. Әлімбаев атындағы № 36 ЖОМ, математика бойынша № 16 мектеп-лицей, химия бойынша № 2, 1, 14 ЖОМ, биология бойынша № 2, 9, 37 ЖОМ, география бойынша № 29, 9, 25 ЖОМ, № 28, 34, 5 ЖОМ физика бойынша 17 оқушы қорғады.

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 10 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде II орын - 4, III орын - 6.

II орынды  № 16 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Нуркенов Эдуард математикадан, Гилазов Богдан, № 28 ЖОМ физика бойынша,  Жарков Владислав № 34 ЖОМ физика бойынша, Жақыпбеков Бекзат, № 2 ЖОМ оқушысы химия бойынша ие болды.

ІІІ орынды  М.Әлімбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушылары Құдайберген Томирис математика пәні бойынша, № 5 ЖОМ оқушысы Мыцыков Кирилл физика пәні бойынша, № 9 мектеп-гимназия оқушылары Коваленко София география пәні бойынша, Амренова Мерейлі биология пәні бойынша, № 39 ЖОМ оқушысы Вирясова Кира бағдарламалау пәні бойынша, № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Осевич Виктор бағдарламалау пәні бойынша ие болды.