ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Абай оқуларының қорытындысы
09-02-2022 15:55
Облыстық Абай оқуларының қорытындысы

       2022 жылғы 8 ақпанда облыстық Абай оқуларына онлайн форматта облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 115 оқушысы, қалалық, аудандық оқу кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 17, 25, 38, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ 6 оқушысы қатысты. Мақсаты-жас оқырмандардың ақындық дарынын, Абай Құнанбайұлының оқыған шығармаларына, қазақ классикалық әдебиетін оқуға деген сүйіспеншілігін қолдау.

       Облыстық оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Олар облыстық білім басқармасының ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.  

       Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында ІІ орын алды. Ол Абайдың 100 шығармасын жатқа біледі. Байқауда 20 шығарманы, сонымен қатар «Ескендір» поэмасы, «Көңілім менің қараңғы», «Қараңғы  түнде тау қалқып», «Жарқ  етпес қара көңілім  не қылса да» поэмасын  жатқа оқыды.

      № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Смағұлов Дамир «Көңілім  әнді  ұғады» бағытында ІІІ орын алды. Байқау шарты бойынша ол «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындаумен бейне жіберді. 

     ІІІ орынды «Абайдын қара сөздері» бағытында № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек иеленді. Ол Абайдың қара сөздерінен 30 қысқаша астарлы әңгімелер мен философиялық трактаттар оқыды.