Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында жүргізушілер мектебін құру мақсатында 2022 жылғы 8 ақпанда «Жүргізуші» конкурсының қалалық іріктеу туры өткізілді. Байқауға онлайн режимінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8 - 10 сыныптарынан 53 оқушы қатысты.
Байқау шарты бойынша қатысушылар өздері туралы визитка - презентация және «Мен - жүргізушімін» бейнематериалын ұсынды.
Қатысушыларды іріктеу кезінде сөз сөйлеу мазмұнына, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, ұжымның көңіл-күйін басқаруға, ым-ишара мен мимикалық қимылдарды дұрыс қолдануға көңіл бөлінді. Бейнероликтерді дайындауға шығармашылық тұрғыдан қарастырды, мерекелік іс-шараларды өткізу бойынша материалдарды ұсынды, түрлі мәдени іс-шараларды өткізудегі жүргізушілердің рөлі туралы көрсетуге тырысты.
Байқаудың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Павлодар дарыны» орталығының жүргізуші мектебіне № 6, 7, 14, 17, 19, (2), 25 (2), 30, 35, 37 (2), 40, 41, К. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ (2), № 32 НОМ 19 оқушы қабылданды.
Үйірме жұмысында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының кәсіби актері Тұрлыбек Нұркен Қанатбекұлымен бірлесіп риторика, психология, мимика, ым-ишара, актерлік шеберлік бойынша сабақтар өткізу жоспарлануда.