ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп басшылары орынбасарларының қалалық семинары
11-02-2022 17:11
Мектеп басшылары орынбасарларының қалалық семинары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 9 ақпанда қаланың жалпы білім беретін мектеп басшыларының орынбасарларымен семинар өткізілді. Семинарда онлайн режимінде ZOOM платформасында 2 мектептің экологиялық тәрбие және кәсіби-бағдарлау жұмысы бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру бойынша оқушылармен жұмыста практикалық көмек көрсету мақсатында № 27 ЖОМ педагогтарының «Шығармашылық қызмет арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Мектепте бастауыш сынып, орта буын, жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істеу үшін жобалар әзірленген. Мектеп оқушыларымен «Табиғаттың жас достары» жобасын іске асыру бойынша жұмысты бастауыш сынып мұғалімі Макаревич Ольга Васильевна, 5 - 7 сынып оқушылары үшін «Табиғатты бірге сақтайық» жобасымен Бойкова Марина Владимировна, география мұғалімі, 8 - 11 сынып оқушылары үшін «Табиғат және Біз» жобасын іске асыру бойынша химия мұғалімі Камбалина Светлана Владимировна таныстырды.

«Болашаққа көзқарас - жаңа кәсіптер атласы» мамандықтары туралы жобаны іске асыру, болашақ мамандықты дұрыс таңдау мақсатында мектеп оқушылары № 32 мектептің жұмысын ұсынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайдақбаева Райгүл Қунашқызы «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кепілі» тақырыбында сөз сөйледі. Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тренер Ибраева Айман Рахымжанқызы қатысушыларды облыстың «Жаңа кәсіптер атласы» жобасымен таныстырды. Мектеп психологы Анастасия Алексеевна Бережная мамандық таңдауға әсер ететін маңызды факторлармен, мамандық таңдау ережелерімен, мамандық таңдаудағы қателіктермен жұмыс, мамандық таңдау параметрлерімен таныстырды.

Қатысушыларға қала колледждерінің бейнероликтері көрсетілді, мектеп педагогтарының жұмыста одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар, материалдар берілді.