ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыканттар фестивалі
14-02-2022 11:53
Жас музыканттар фестивалі

Павлодар қаласының музыка мектебі жас музыканттардың республикалық фестиваль-конкурсына кезекті іріктеу турын өткізді. 9 ансамбльдік ұжым құрамында 150-ге жуық оқушы және «Қазақ халық аспаптары», «Орыс халық аспаптары», «Ансамбльдік ұжымдар» - ұжымдық музыка ойнау номинацияларында 49 солист қатысты. Қазылар алқасына музыкалық колледж оқытушылары кірді.

Байқау қорытындысы бойынша мектеп оқушылары жоғары орындаушылық деңгейін көрсете алды. 49 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде гран-при - 2, I орын - 12, II орын - 16, III орын - 14, дипломант - 14 болды. Олар және олардың педагогтары мектеп дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Бас жүлдені Е. Үсеновтың «Шәмші-Дастан», «Бұлғын, сусар» халық күйі, Құрманғазының «Төремұрат» күйі 13 жастағы домбырашы Хамит Ниязбек жеңіп алды. Ол «Жас Дарын», «Елорда жұлдыздары» халықаралық, республикалық және облыстық фестиваль-конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. А. Диабеллидің «Прелюдия», қазақтың халық күйі «Кеңес», В. Калининнің «Цыганочка», А. Виницкийдің «Чапа» шығармаларын орындағаны үшін - 11 жастағы гитарист Южакова Ксения алды. Ол «Новогодний переполох», «Ертені ерен - егеменді ел», «Dream Fest», «Жұлдызды Марафон» халықаралық байқауларының жеңімпазы.

I орынды шығармаларын орындағаны үшін Құлшар «Кербез керік», Қ. Ахмедияров «Қосбасар - ІІІ түрі», Джек «Фина Шмелиное буги», Ш. Қорғанбек «Төртүл түмені», белгілі халықаралық, республикалық конкурстарындағы «Астана жұлдыздары», «Ұлы дала күмбірі», «Talant kz» фольклорлық ансамблі «Серпін». Ансамбль құрамына 12 - 17 жас аралығындағы 14 оқушы кіреді, жетекшісі Гаухар Арғынқызы Абжанова. А. Вивальдидің «Жыл мезгілдері - күз», В. Козловтың «Хоровод», А. Еңсеповтың «Хафиз», М. Кардакованың «Фантазия» шығармаларын орындағаны үшін құрамында 11 - 15 жас аралығындағы 8 гитарашы бар «Маэстро» ансамблі, жетекшісі Берік Оралтайұлы Жүпашев. Жеңімпаздар ақпан айында облыстық жас музыканттар байқауына қатысады.