ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және оқуды дамыту бойынша жұмыс
14-02-2022 12:13
Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және оқуды дамыту бойынша жұмыс

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығының бастамасымен Қазақстандағы балалар жылына арналған «Оқу академиясы» зияткерлік-әдеби жобасы әзірленіп, енгізілуде.

Облыстық жобаның тұсаукесерінде білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар оқуын дамытуға бағытталған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бойынша жұмысы туралы айтып берді. Жоба мектептерде 2021 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Мақсаты - оқушыларды мектеп кітапханалары, қаланың балалар кітапханалары арқылы, сабақ және сабақтан тыс уақытта оқуға тарту. Барлық пән сабақтарында күнделікті міндетті 5 минуттық оқуды ұйымдастыру, мектеп кітапханалары мен пән мұғалімдерінің сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру іс-шараға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

«Оқу академиясы» жобасының ашылуы кітап оқудың тағы бір бағыты, балаларды мектеп және мектептен тыс оқумен қамтуды кеңейту, оқырман мәдениетін қалыптастыру, оқушылар, педагогтар, кітапханашылар, ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау, балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің С. Торайғыров атындағы кітапханамен, Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығымен «Оқу академиясы» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастығы жалғасатын болады.