ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп оқушыларының интернационалист-жауынгерлермен кездесуі
15-02-2022 09:26
Мектеп оқушыларының интернационалист-жауынгерлермен кездесуі

Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінің ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылғы 12 ақпанда «Павлодар және Павлодар облысының Ауған соғысының және жергілікті соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ-мен патриоттық тәрбие беру жұмысында әскерлердің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауғанстан - тірі естелік» митинг-жүгірісі өткізілді.

Митингке ауған ардагерлері Супахунов Малик Джемаевич, Оганесян Юрий Андраникович, Аленов Тимур Мусабекович қатысты. Қонақтар 9 - 11 сынып оқушыларына әскери қызмет жылдары, рухтың табандылығы, қаза болған батыр достары туралы айтты. Қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Митинг қонақтары үшін 9 сынып оқушысы Сергалиева Альмира сөз сөйледі, қалалық ауған әндері байқауының жеңімпазы Виктор Цойдың «Кукушка» әнін орындады.

Мектепте интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан, 1979 жылғы мектеп түлегі, ауған жауынгері Анатолий Александрович Финенкоға мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шараға қатысушылар мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алуға 1 км спорттық жүгіріс жасады.

- Біз жерлестерімізді мақтан тұтамыз және қанша уақыт өтсе де, есте сақтаймыз, өйткені бұл біздің тарихымыз. Болашақ туралы ойлап, өткенді ұмытуға болмайды, - дейді 9 сынып оқушысы Кашин Захар.