ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі - 2022» қалалық байқауының қорытындысы
15-02-2022 15:28
«Жыл мұғалімі - 2022» қалалық байқауының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында «Жыл мұғалімі - 2022» байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау мен көтермелеу және педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.

Байқауға жалпы білім беретін 27 мектептің (№ 2, 6, 9, 11, 14, 15, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 27, 29, 30, 35, 36, 37, 39, 41, Қ. Макпалеев, Қ. Бекхожин, М. Әлімбаев, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ) 31 мұғалімі (химия - 1, бастауыш сыныптар - 6, ағылшын тілі - 4, тарих - 4, қазақ тілі - 4, логопед - 1, дене тәрбиесі - 2, информатика - 3, биология - 1, математика - 3, физика - 1, орыс тілі мен әдебиеті - 1) қатысты.

Байқауға педагогтар «Портфолио», 3 бейнесабақ, эссе, бейнеролик-презентация ұсынды. Қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша бейімделген тәжірибелерді көрсетті.

Қазылар алқасының құрамында Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры Әшімбетова Роза Дүйсенқызы, облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпаздары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары, әдіскерлері арасынан қала мектептерінің жетекші мұғалімдері қала педагогтерінің педагогикалық шеберлігін бағалады. Байқау қорытындысы бойынша 4 педагог жүлделі орынға ие болды, 3 педагог номинант атанды.

Бас жүлдені Омарова Ақгүл Алтыбайқызы, № 2 ЖОМ химия пәні мұғалімі, I орынды Скляренко Анна Викторовна, № 29 ЖОМ информатика пәні мұғалімі, II орынды Нұрғалиева Динара Ақсанқызы, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі, III орынды Юсупова Шолпан Тоөегенқызы, Жетекші ЖОМ математика пәні мұғалімі жеңіп алды.

«Шоқ жұлдызы» номинациясы № 37 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Сағымбаев Рустам Бақытбекұлына, «Шеберлік шыңы» номинациясы № 18 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Асаинова Айнұр Қабиденқызына, «Үміт» номинациясы № 9 ЖОМ тарих мұғалімі Құлжанов Дауржан Қайыргелдіұлына берілді.