ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар сұранысқа ие мамандықтарды ұсынды
16-02-2022 09:36
Павлодарлық оқушылар сұранысқа ие мамандықтарды ұсынды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қалалық кезеңін қашықтықтан өткізді. Мақсаты - «Болашақ кәсіптер атласы» республикалық жобасына сәйкес мамандық таңдауға шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.

Байқауға 4 номинация бойынша қаланың 18 жалпы білім беретін  № 2, 6, 7, 14, 17, 21, 28, 29, 33, 34, 36, 37, 39, 41, 43, К. Мақпалеев атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Қ. Бекқожин атындағы мектептерінен  62 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І - 4, ІІ - 8 , ІІІ - 13 орын. Олардың барлығы «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Мұндай мамандық бар» номинациясында І орынды № 21 ЖОМ 6 сынып оқушысы Пастушенко Полина иеленді. Ол мұғалім, дәрігер, бағдарламашы, эколог, құрылысшы - әлеуметтік жүйеде, еңбек нарығында және Қазақстан экономикасында сұранысқа ие мамандықтарды таныстырды.

ІІ орынды № 2, 17 мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 14, 21, 41 мектеп оқушылары иеленді.

«Мамандықты таңдау уақыты» номинациясында қатысушылар болашақ мамандықты таңдау тақырыптарын ашуға бағытталған бейне блогтар (бейне әңгіме) ұсынды. І орынды № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бейсембина Салима иеленді. Ол бейнероликте мұғалім туралы - өзінің болашақ мамандығының   сюжетін көрсетті. ІІ орынды № 39, 41 мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 2, 17, 37 мектеп оқушылары иеленді.

«Менің мамандығым - менің бизнесім» номинациясы бойынша І орынды К. Макпалеев атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Груша Мария иеленді. Ол ветеринарлық клиниканың бизнес-жоспарын ұсынды. ІІ орынды № 41 ЖОМ оқушысы, ІІІ орынды Қ. Мақпалеев атындағы, № 17, 39 ЖОМ оқушылары иеленді.

«Кеше, бүгін, ертең мамандық» номинациясында қатысушылар әлеуметтік желілер үшін мамандықтар бойынша ойын-сауық бейне-контентін ұсынды. І орынды № 33 ЖОМ 5 сынып оқушысы Касенова Рахиля иеленді. Ол дәрігер мамандығы туралы бейнеролик ұсынды. ІІ орынды Қ. Бекқожин атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды - № 2, 43 ЖОМ оқушылары иеленді. Байқау жеңімпаздары наурыз айында фестивальдің облыстық кезеңіне қатысады.