ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жігерліктердің қоржынында муай-тайдан 23 медаль
16-02-2022 11:41
Жігерліктердің қоржынында муай-тайдан 23 медаль

«Жастар есірткіге қарсы»  акциясы аясында муай-тайдан облыстық чемпионат өтті, бұл додаға Павлодар, Ақмола облыстарынан 8 - 17 жас аралығындағы 100 спортшы  қатысты, соның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 25 тәрбиеленушісі болды. Чемпионат 2022 жылы 10 - 12 ақпан аралығында Павлодар қаласындағы  «Баянтау» спорт кешенінде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жігерлік қатысушылар клуб қоржынына  9 алтын, 6 күміс, 8 қола медаль еншіледі.

I орынды «Балшуак» клубының тәрбиеленушілері Амантай Алихан, № 25 ЖОМ 2-сынып оқушысы, Оразалин Асанәлі, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 4-сынып оқушысы, «Бірлік» клубының тәрбиеленушілері - Бүркіт Шухрат, Алимбаев атындағы ЖОМ 3-сынып оқушысы, Құсаинов Арыстан   7-сынып оқушысы, Қадырбаев Мақсат, 9-сынып оқушысы № 24 ЖОМ, Даниял Елияс, 9-сынып оқушысы № 39 ЖОМ, Сакенов Азамат, білім беру-инновациялық лицейінің 9 сынып оқушысы, Хейноят Сұлтан, Хейноят Раид, Инновациялық Еуразия университеті колледжінің студенттері иеленді.

II орынды «Балшуак» клубының тәрбиеленушілері Жақсылықов Арнур, № 37 ЖОМ 3-сынып оқушысы, Черненко Данил, олимпиадалық резервке мамандандырылған мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы, Маулетханов Нұрасыл, қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы, Қалым Мансур, № 30 ЖОМ 9-сынып оқушысы, «Бірлік» клубының тәрбиеленушілері - Нұрпейісов Аңсар, Алимбаев атындағы ЖОМ 3-сынып оқушысы, Салимов Айнар, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 7-сынып оқушысы иеленді.

III орынды «Бірлік» клубының тәрбиеленушілері Қаиыржан Бурхан, №24 ЖОМ 3-сынып оқушысы, Рахат Әмірхан, № 39 ЖОМ 3-сынып оқушысы, Амангелді Ислам, Алимбаев атындағы ЖОМ 3-сынып оқушысы, Амантай Ерасыл, Алимбаев атындағы ЖОМ 3-сынып оқушысы, Еренғайып Муслим, Алимбаев атындағы ЖОМ 3 сынып оқушысы, Курманов Асхат, № 39 ЖОМ 3-сынып оқушысы, Мүталіп Асхат, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 3-сынып оқушысы, Құсайынов Қайрат, № 24 ЖОМ 9-сынып оқушысы иеленді.

 «Ең үздік техникасы үшін» номинациясы бойынша Құсайынов Арыстан марапатталды. Ол муай-тай секциясына үшінші жыл қатысып жүр, бұл оның облыстық деңгейдегі бірінші жеңісі.

Тәрбиеленушілердің жаттықтырушылары Фатхутдинов Дамир Равильевич, халықаралық дәрежедегі спорт шебері муай-тай бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, облыстық  жастар құрамасының аға бапкері, БАӘ, Абу-Дабиде  муай-тай бойынша өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, «Балшуақ» клубының  педагогы және Ракишев Жандос Сейткенович,  спорт шеберіне кандидат, «Бірлік» клубының педагогы болып табылады.