ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушы халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
18-02-2022 10:36
Павлодарлық оқушы халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

«Жаңа Zvezda 2022» халықаралық көпжанрлы байқауына 70-тен астам әртістер қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы Інжу Рахым да бар. Жарыс Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде Семей, Екібастұз, Ақсу, Қарағанды қалаларының әртістерінің қатысуымен офлайн форматта өтті. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы «Шабыт» өнер орталығының «Festival kz» халықаралық фестиваль-байқау жобасы ұйымдастырды.

Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша павлодарлық оқушы «Вокал» номинациясында бас жүлдені жеңіп алып, байқау кубогының иегері атанды және дипломмен марапатталды.

- Биыл мен 8 - 12 жас аралығындағы топта өнер көрсеттім. Мен музыка пәнінің мұғалімі Қарлығаш Сұртайқызы ұсынған «Атамекен» авторлық әнін орындадым, онда еліміздің сұлулығы туралы шырқалады, - дейді Інжу.

Інжу өте талантты қыз. Айта кету керек, жас әртіс әнмен қатар түрлі би байқауларының бас жүлде иегері. Атап айтқанда, бұған дейін «Talanty kz» халықаралық байқауының (2019 жыл) «Вокал» номинациясы бойынша, GRAND bravo халықаралық байқауының (2020 жыл), «Үздіктердің үздігі» халықаралық байқауының (2021 жыл) бас жүлде иегері атанды. 2021 жылдың желтоқсанында Інжу «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісінің және 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақының иегері болды.

- Інжумен жұмыс істеу оңай және жеңіл, өйткені ол сахнада өнер көрсеткенді жақсы көреді. Қазіргі уақытта біз «Дарынды балалар» республикалық байқауына дайындалып жатырмыз, «Жаңа форматтағы сыйлық 2022» Қазақстан-Ресей жобасына қатысу жоспарда бар, - дейді музыка пәнінің мұғалімі.