ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің ЖОО-мен ынтымақтастығы
21-02-2022 09:53
Мектептің ЖОО-мен ынтымақтастығы

«Мектеп - ЖОО» Павлодар педагогикалық университетімен ынтымақтастық бағдарламасы аясында 2022 жылғы 18 ақпанда Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінде жоғары оқу орнының өкілдерімен 100-ден астам бітіруші сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды бірлесіп қолдау және ынтымақтастық орнату, ортақ ғылыми жобаларды іске асыру, оқытудың жаңа әдістемелерін зерделеу, ЖОО-да оқыту тәжірибесінде мектептің педагогикалық тәжірибесін қолдану.

Кездесуге Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б. С. Есенгельдин, кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Г. М. Мусанова, университет жанындағы М. Қанапьянов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің басшысы А. М. Жумабай, университет жанындағы М. Қанапьянов атындағы Жоғары педагогикалық колледждің білім беру бағдарламаларының жетекшілері Р. Ж. Муканова, Г. К. Тулендинова қатысты.

Түлектермен ашық диалогта қатысушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы білім беру гранттары және шетелде тағылымдамадан өту туралы түсінік берді. ЖОО проректоры - үздіксіз кәсіптік бағдарланған білім беру шеңберінде ЖОО мен мектептің өзара іс-қимыл стратегиясын іске асыру туралы сөз сөйледі.

Сондай-ақ, мектеп директоры Ахмадова Зауреш Дауленовна ЖОО проректорымен бірге педагогикалық ұжыммен біліктілікті арттыру, оқытудың инновациялық нысандарын, шығармашылық жобаларды енгізу, студенттердің педагогикалық тәжірибеден өтуі бойынша бірлескен жұмыс туралы мәселелерді талқылады.