ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі білім беру педагогтері қалалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы
21-02-2022 12:29
Мектепке дейінгі білім беру педагогтері қалалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 14 - 18 ақпан аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2022» қалалық байқауының «Е-портфолио» атты I кезеңін өткізді. Мақсаты - кәсіби имиджді қолдау, педагогикалық инновацияларды ынталандыру, педагогтардың педагогикалық тәжірибесін жинақтау.

Қалалық байқауға қатысуға 21 педагог (№ 5, 7, 8, 11, 28 (2), 30, 32 (2), 33 (3), 42 (3), 43, 45, 51, 82,115 (2)) өтініш білдірді, оның ішінде 15 тәрбиеші, 2 - музыкалық жетекші, дене шынықтыру нұсқаушысы, 3 - логопед.

Байқаудың I кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 8 педагог «Балалармен - өткізген қызықты сәт» атты II кезеңге жіберілді. Байқаудың II турының қатысушылары Г. С. Ахметова (№ 5 балабақша), М. Д. Бейсембаева (№ 8), Р. А. Каяфа (№ 27), Г. С. Қарымсақова (№ 30), С. С. Әбілдинова, А. А. Мухтарова (№ 33), К. А. Жанабаева (№ 43), Н. В. Медведева (№ 45) болып табылады. Бұл кезеңде мұғалімдер заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін тек ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ғана емес, сонымен қатар режимдік сәттерде де, мектеп жасына дейінгі балалардың еркін іс-әрекетінде қолдану туралы бейнематериалды ұсынуы керек.

ІІ кезеңде ең көп балл жинаған педагогтар «Мен - педагогпын» атты қорытынды кезеңіне қатысады. Онлайн диалог алаңында қатысушылар өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстыруы керек.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде, I, II, III орындар және үш «Мамандаға адалдық», «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог» номинациялары бойынша төрт жеңімпаз анықталады.