ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтардың қалалық кеңесін құру
22-02-2022 10:49
Жас педагогтардың қалалық кеңесін құру

Жас мамандарды педагогикалық жұмыста кәсіби жетілдіру және қалыптастыру, шығармашылық қызметті қолдау және дамыту, кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жас педагогтерінің қалалық кеңесі құрылды. Кеңес құрамына жас педагогтар, мектеп қызметіне белсенді қатысатын тұлғалар кіреді.

Кеңестің бірінші отырысына 2022 жылғы 19 ақпанда Павлодар қаласының білім беру бөлімінің өкілдері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жас педагогтар кеңесінің төрағалары қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын талқылап, кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Жұмыс жоспарында ұйымдастырушылық-құқықтық бағыт, медиасауаттылық, кәсіби өсу, шығармашылық қызмет, спортпен шұғылдану, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысты сұрақтар қарастырылды.

№ 17 ЖОМ педагогтеріне психологиялық қолдау көрсету және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында Дацюк Александр Федорович және № 24 ЖОМ психологы Жанзакова Данагүл Мақсатқызы тренинг өткізді. Диалог алаңында талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасылды, қатысушыларға қойылған сұрақтарға жауаптар алынды, жас педагогтардың мектеп кеңестерінің жұмысы бойынша ұсыныстар берілді.