ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық дебат турнирінің қорытындысы
23-02-2022 17:31
Облыстық дебат турнирінің қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Ақ жол» Демократиялық партиясының қаржылық қолдауымен 2022 жылғы 19 ақпанда М. Әлімбаев атындағы ЖОМ  «Балалар - ел болашағы» - «Дети - будущее страны» дебаттық турнирлер өткізілді. Облыстық дебат турнирі 9 - 11 сынып оқушылары арасында және облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 8 сынып оқушылары - жасөспірімдер  арасындағы финалдық дебат турнирі өтті.

Айта кету керек, пікірсайыс турнирлеріне қатысушылардың саны артып келеді. 2021 жылдың қазан айынан бастап Павлодар қаласының  жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 32 командасының қатысуымен 5 турнир өткізілді, осы облыстық турнирлерде командалар саны 28-ге дейін өсті, құрамында 56 қатысушы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектеп-лицейінен, Екібастұз қаласының  «Қайнар» білім беру-демалыс кешенінен және Павлодар қаласының № 7, 17, 19, 20, 21, 24, 30, 35, 37, 39, 40, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп командаларынан.Төрешілер алқасында «Жаңа көзқарас» дебат мектебінің № 2, 19, 25, 35 мектептерінің жетекші дебатерлері болды.

Турнир қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жасөспірімдер лигасының 4 командасы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені № 39 мектептің «Smart» командасы, I орынды № 19 ЖОМ «Алау» командасы, ІІ орынды № 17 ЖОМ «Алаш» командасы, ІІІ орынды № 37 ЖОМ «Тұмар» командасы иеленді. Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы ЖОМ «5 А», № 37 ЖОМ «Тарлан», № 40 ЖОМ «Толқын» командалары Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ересектер лигасында І орынды Екібастұз қаласының  № 25 қазақ қыздар гимназиясының «Subeime» командасы, ІІ орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Рух» командасы, ІІІ орынды Екібастұз қаласының № 11 ЖОМ «Сұңқар» командасы иеленді.

Құрмет грамотасымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Айыптама» командасы марапатталды. «Үздік спикер» номинациясымен Екібастұз қаласының № 11 ЖОМ оқушысы Алпысбаева Дильда марапатталды.

2 турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Ақ жол» Демократиялық партиясы ұсынған естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің барлық қатысушылары орталықтың серитификаттарын алды.