ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тест тапсырмаларының әдістемелік жинағының тұсаукесері
24-02-2022 09:22
Тест тапсырмаларының әдістемелік жинағының тұсаукесері

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 22 ақпанда онлайн режимде ZOOM платформасында бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық шығармашылық тобының «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу» кезекті отырысын өткізді. Топ отырысының мақсаты-білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік-дидактикалық құрал үшін құрастырылған тапсырмаларды талқылау.

Құрамында 19 бастауыш сынып мұғалімі бар шығармашылық топ «Бастауыш сынып оқушыларын білім алушылардың білім жетістіктерін бақылауға дайындауға арналған тест тапсырмаларының жинағы» әдістемелік-дидактикалық құралын әзірледі. Мақсаты - функционалдық және оқырмандық сауаттылық деңгейін анықтау, алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана білу, аналитикалық және логикалық ойлауды дамыту.

Отырыста әдістемелік-дидактикалық құралдың тұсаукесері ұсынылды, оның барысында жасалған тест тапсырмаларының нәтижелері, қала мектептерінде апробациялау үшін құралдарды одан әрі тарату қаралды және қорытындыланды. Отырысқа қатысушылар шығармашылық топтың «Үздік әдістемелік-дидактикалық материал - 2022» қалалық байқауға жинақты ұсыну туралы шешім қабылдады.