ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері
24-02-2022 20:53
Республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері

9 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауына облыстық команданың құрамында облыстық кезеңнің жеңімпаздары ретінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 5 оқушысы қатысты. Байқау 2022 жылғы 22 - 23 ақпанда Шымкент қаласында өтті.

   Павлодар қаласының № 21, 29, 34, Кенжекөл, М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары байқауға физика, информатика, орыс әдебиеті бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 5 қатысушының 3 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды және 1 қатысушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

   Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида «Физика» секциясында күміс медаль және II дәрежелі диплом иегері атанды. Ол байқауға күн коллекторлары есебінен үйлерді жылытудың баламалы жүйесі туралы «Солнечный коллектор» жобасын ұсынды.

   «Информатика» секциясында № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Юревич Семен, «Әдебиет секциясында № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Яковец Анастасия қола медальдармен және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

  «Мұзафар Әлімбаев шығармашылығындағы балалық шақ тақырыбының адамгершілік аспектісі» ғылыми жобасы үшін М. Әлімбаев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Рубан Арина Құрмет грамотасымен марапатталды.

   - Информатика секциясына «Мектептің wed-порталында білім беру қызметтерін автомотизациялау» тақырыбында жұмыс ұсындым. Өз жұмысымда білім беру саласындағы цифрландыруға ерекше көңіл бөлдім, - дейді Семен.

   - Менің Н. В. Гогольдің «Тарас Булба» әңгімесіндегі көркемдік тұжырымдама ретіндегі от» жобасын мектептегі әдебиет сабақтарында, көркем мәтінді зерттеу бойынша арнайы курстарда, кілт сөздердің мағынасын талдауда қолдануға болады», - дейді Анастасия