ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
3 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал жасау бойынша жұмыс
25-02-2022 09:15
3 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал жасау бойынша жұмыс

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша 2022 жылдың 24 ақпанында бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық шығармашылық тобының «TIMSS бағдарламасының зерттеулері негізінде әртүрлі түрдегі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды жасау» кезекті онлайн отырысы өткізілді. Отырысқа қатысушылар 17 бастауыш сынып мұғалімдері биология, сан, физика, география, геометрия, мәліметтерді ұсыну бойынша шағын топтарда жұмыс істеді.

Қатысушылар 3 сынып оқушылары үшін әдістемелік құрал жасау бойынша жұмыс жүргізді. Мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының уәждемесін арттыру, математикалық және жаратылыстану бағытындағы пәндерге танымдық қызығушылықты дамыту, практикалық міндеттерді шешу, бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерінің дербестігін дамыту, өз жетістіктері үшін  өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.

Оқу құралының бөлімдерінде Блум деңгейлері бойынша практикалық сабақтардың әзірлемелері бар. Бұл практикалық сабақтарды мұғалімдер бастауыш мектепте білім алушылардың жетістіктерін мониторингтік бағалауға сапалы дайындық үшін білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде арнайы курстарда, математика сабақтарында және жаратылыстану пәндерінде пайдалана алады.