ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар Жансүгіровтың шығармаларын жатқа оқыды
28-02-2022 09:52
Павлодарлық оқушылар Жансүгіровтың шығармаларын жатқа оқыды

       Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын ұйымдастыру орталығы 2022 жылғы 25 ақпанда «Жансүгіров оқулары» - «Жансугуровские чтения» байқауын өткізді. Байқауға жалпы білім беретін 21 мектептің № 1, 6, 7, 16, 17, 19, 20, 21, 24, 25, 30, 31, 33, 35, 37, 38, 40, 41, Қ. Бекхожин атындағы, М.Әлімбаев атындағы, Б.Момышұлы атындағы 8-11 сыныптардың 43 талантты оқушылары қатысты, олар қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын жатқа білу, жатқа оқу бойынша сайысқа түсті.

         Байқау үш номинация бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша 19 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 3, II орын-6, III орын-10 оқушы.

         «Ілияс - эпикалық ақын» номинациясы бойынша I орынды № 38 НОМ 7 сынып (8-сынып үшін өнер көрсетті) оқушысы Дауыржан Ердамыс иеленді. Оның орындауында «Күй» поэмасы мәнерлеп, айқын дикциямен жатқа айтылды. II орынды № 41 мектеп оқушысы, III орынды № 21, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары иеленді.

         «Мәнерлеп оқу» номинациясында I орынды № 38 НОМ 7 - сынып (8-сынып үшін өнер көрсетті) оқушысы Хунафия Айдана өлеңдердің, прозалық немесе драмалық шығармалардың бірін орындағаны үшін алды. Ол «Серт», «Айдаушы», «Тоғызда», «Әншіге», «Қонақтар мен қожайын», «Көңілім, неге аланың?» атты өлеңдерді жатқа біледі. II орынды № 21, 24, Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары, III орынды № 35, 40 (2), М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

         Қ. Бекхожин атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Орымбай Шынболат «Өз шығармасын жатқа оқу» номинациясы бойынша I орын алды. Ол «Ілиясқа арнау», «Халық деп соққан жүрегі», «Алаштың арыс ұлдары», «Болмасаң да, ұқсап бақ демекші...» атты өз өлеңдерін оқыды. Оның жинағында 30 өлең бар. II орынды № 30, Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары, III орынды № 19, 33, 35, М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

         - Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар наурыз айында облыстық оқу кезеңіне қатысады, - дейді орталықтың әдіскері Айгүл Жылқыбаева Шакенова.