ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жігіт сұлтаны байқауы
28-02-2022 11:56
Жігіт сұлтаны байқауы

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауы «Павлодар қаласының № 33 сәбилер бақшасында» № 4, 5, 33, 44, 122 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.

- Біздің балабақша жыл сайын осы байқауды өткізеді. Байқауға мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды - сәлемдесу, нақыл сөздерді оқу, мысалдарды болжау, сұрақтарға жауаптар, үй тапсырмасы - көріністер, - дейді әдіскер Бекзат Серікқызы Қайырбаева.

Барлық кезеңдерде балалар өздерін және бақшаларын әр түрлі формада және бейнеде лайықты көрсете алды. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері туралы білімдерін көрсетті, сұрақтарға тез жауап берді және алынған тапсырмаларды орындады.

Байқауға қатысушылардың өнерін бағалауға «Аналар кеңесі»  және «Нұр ана әлемі» ҚБ төрайымы Максилова Бахытжамал Шаханқызы, «Аналар кеңесі»  және «Нұр ана әлемі» ҚБ мүшесі Нұрғалиева Нұршат Әбдіқайымқызы, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Аипова Әсем Серікқызы, «Бұқар Жырау» атындағы әдебиет және өнер мұражайының қызметкері Кенжетаева Ханифа Увалияахметқызы, шақырылды.

Байқау қорытындысы бойынша № 122 балабақша тәрбиеленушісі Ерсайын Нұрәлі гран-при иегері атанды. Нұрәлі барлық кезеңдердегі берілген  тапсырмаларды сенімді орындап, А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне байланысты сұрақтарға оңай жауап берді.

I орынды № 33 балабақша тәрбиеленушісі Бекбай Самир және № 44 балабақша тәрбиеленушісі Аманкелді Бексұлтан, II орынды № 5 балабақша тәрбиеленушісі Елубаев Әл Әзім, III орынды № 4 балабақша тәрбиеленушісі Әлетай Әлібек иеленді. Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді. Байқауды «ERTIS» телеарнасы түсірді.

- Байқаудың негізгі мақсаты - көрнекті ғұламаның шығармашылығы арқылы өскелең ұрпаққа адамгершілік қасиеттерді дарыту. Мұндай байқаулар өз халқының құндылықтарының өсуіне ықпал етеді. Балалар барлық бес кезеңде өз білімдерін көрсете алды, - деп атап өтті № 33 сәбилер бақшасының басшысы Айнұр Еркенқызы Исабекова.