ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мата жұмыстарының көрмесі
28-02-2022 17:01
Мата жұмыстарының көрмесі

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде 18 ақпан - 4 наурыз аралығында батик бойынша оқушылар жұмыстарының «Жібек бойынша көркем қиялдар» көрмесі өтуде. Көрмеге сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында бірнеше жыл бойы орындалған 13 - 14 жастағы балалардың жұмыстары кірді. Көрменің мақсаты-көрермендерді батик бойынша балалар шығармашылығымен таныстыру.

- Батикке сурет салу дегеніміз - 13 - 14 ғасырларда бастамасын Индонезиядан алған және балауыз деп аталатын сәндік әдістердің бірі. Батиктің бірнеше түрі бар - «ыстық», «суық», «еркін өрнек». Олар матаны сақтау әдісімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, батикке байланған және бұралған матаны бояу да кіреді, - дейді ұстаз Рейн Светлана Евгеньевна.

Жұмыстар көрермендерді өзінің әсемдігімен, әдемі түстердің үйлесімімен, қияли сызықтары мен өрнектерімен таң қалдырады. Көрмеде көздің жауын алатын Виктория Савченконың, 13 жаста, «Жазғы колорит», Ангелина Савчуктың, 14 жаста, «Таң мен түн», Софья Гүлванның, 14 жаста, «Дала әшекейі» сияқты пейзаждық жұмыстар көріністерін көруге болады. Түрлі-түсті контурмен безендіріліп, пайеткалар мен бисерлер сияқты әшекейлер көмегімен жасалған Даниил Решетовтың, 14 жаста, «Дастархан», Алима Садвокасованың, 14 жаста, «Гүлдер» натюрморттары да бар. Нәзіктік пен айқындық сезімі Александра Коваленконың, 14 жаста, суық батиктен орындаған «Су астындағы әлем» жұмысынан тарайды. Олардың ұстаздары- Светлана Евгеньевна Рейн, Елена Ивановна Дистель, Лариса Алексеевна Кузнецова.

- Мектептегі «Батик өрнегі» техникасын мектептің барлық мұғалімдері біледі және ол негізінен 2 - 3 сыныптарда оқытылады. Оқушылар батик сайыстарына сәтті қатысады. Мысалы, 2019 жылы Даша Неяскина, 2017 жылы Алина Николаева батик бойынша Санкт-Петербург қаласында өткен «Невская палитра» халықаралық шығармашылық жұмыстар байқауында I-орынды иеленді, - дейді мектеп басшысының орынбасары Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина.