ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Табысты жерлестердің өнегесімен жеңіске жету
03-03-2022 09:05
Табысты жерлестердің өнегесімен жеңіске жету

«Менің кіші отанымның атақты адамдары» мектеп жобасы аясында 2022 жылғы 28 ақпанда Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы мектебінде 2019 жылғы мектеп түлегі, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Португалиядағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, 2018 жылғы Әлем Чемпионатының финалисі Милана Ващенкомен кездесу өтті.

Милана акробатикамен 5 жастан бастап айналысуды бастағанын, Павлодар жоғары оқу орнында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алып жатқандығы және акробатикамен айналысуды, Қазақстан, облыс құрамасында түрлі жарыстарға қатысуды жалғастыратынын айтты.

- Біздің облыста спортты дамыту үшін көп нәрсе жасалуда. Мүмкіндігінше көп бала салауатты өмір салтының құндылығын түсінгенін қалаймын. Мен чемпион болу әркімнің қолынан келмейтінін білемін», - деді Милана. - Дегенмен, спортпен шұғылдану қажет екенін түсінуіңіз керек. Бұл тәртіпке үйретеді, мінезді дамытуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі сізге өмірде жетістікке жетуге көмектеседі. Тек жігерлі адамдар ғана өз мақсаттарына жетеді.

Сондай-ақ, балаларға жарыс кезіндегі қызықты және драмалық оқиғалар туралы есту қызықты болды. Ол оқушыларға гимнастикада өзін сынап көруге кеңес берді. Қазіргі уақытта Милана «Dеsport» және «Олимп» спорт клубтарында жаттықтырушылық қызметпен айналысады.