ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас музыканттардың жетістігі
03-03-2022 09:25
Павлодарлық жас музыканттардың жетістігі

2022 жылғы 24 - 25 ақпан аралығында 55-ші облыстық фестиваль-байқауға 217 қатысушы жиналды, оның ішінде 9-17 жас аралығындағы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының, Павлодар, Успен, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл, Баянауыл, Ақтоғай, Май аудандарының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептері ансамбльдерінің құрамында 136 оқушы және 81 солист. Мақсаты - дарынды балаларды дамыту және қолдау, шығармашылық белсенділікті, кәсіби бағдарлауды ынталандыру.

      Байқаудың шарттары бойынша қазылар алқасы кәсіби орындауды, көркемдік іске асыру деңгейін, техникалық шеберлік пен сахналық мәдениетті ескерді.

«Жеке орындау» номинациясында 81 қатысушының ішінен 60 солист жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 34 орын - Павлодар қаласының музыка мектебінің оқушыларында.

«Ұжымдық музыка ойнау» номинациясында 16 қатысушы ансамбльден 12 ансамбль жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 6 орынды Павлодар қаласының музыка мектебінің аспапшылары иеленді.

Байқаудың ең жоғары марапаты - бас жүлдені «Серпін» фольклорлық ансамблі иеленді. Ансамбль құрамына 12 - 16 жас аралығындағы 14 оқушы кіреді.

- Біз осындай беделді байқауда ансамбльдің өз кәсібилігін көрсетіп, бас жүлдені иеленгеніне өте қуаныштымыз. Ұжым 9 жыл жұмыс істейді, қазір республикалық конкурс-фестивальге дайындық жүріп жатыр. Айта кету керек, тек ақпан айында олар жас музыканттардың мектеп байқауында 1 орын алды, - дейді ансамбль жетекшісі Гаухар Арғынқызы Абжанова, мектеп педагогы.

Ансамбльдік ұжымдар арасында I орынды «Маэстро» гитаристер ансамблі, мектептің «Тұмар» қазақ халық аспаптар ансамблі иеленді.

Сондай-ақ, Павлодар мектебінің қоржынында аспапшылар арасында 34 жүлделі орын бар, оның ішінде бас жүлде - 2, I орын - 5, II орын - 14, III орын - 13.

Бас жүлдені «Қазақ халық аспаптары» номинациясы бойынша Хамит Ниязбек, 13 жаста, «Орыс халық аспаптары» номинациясы бойынша Южакова Ксения, 11 жаста иеленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, жетекшілері облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Бас жүлдеге, I орынға ие болған оқушылар 55-ші Республикалық жас музыканттар байқауында Павлодар облысынның атынан намысын қорғайды.

«Қазақ халық аспаптары» номинациясы бойынша Адамбаева Сабина, Казкенова Ақерке, Кабир Дания (қобыз), Баймыш Аяна (жетіген), Қайырбек Маржан (домбыра) I орын алды. «Орыс халық аспаптары» номинациясында - 9 оқушы II орынды, «Қазақ халық аспаптары» номинациясында - 5 оқушы, «Орыс халық аспаптары» номинациясында - 5 оқушы III орынды, «Қазақ халық аспаптары» номинациясында - 8 оқушы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, жетекшілері облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Бас жүлдеге, I орынға ие болған оқушылар 55-ші Республикалық жас музыканттар байқауында Павлодар облысынның атынан намысын қорғайды.