ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің Отаныма- менің бастамам
05-03-2022 09:42
Менің Отаныма- менің бастамам

   2022 жылғы 1 наурызда 7-11 сынып оқушылары арасында «Менің Отаныма - менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауы шеңберінде Павлодар қаласының 21 жалпы білім беретін мектептерінен 84 оқушының қатысуымен қалалық кезең қашықтықтан өткізілді. Байқаудың мақсаты-шығармашылық бастамаларды дамыту, дарынды балаларды қолдау.

   - Қатысушылар өз жобаларын Қазақстанға 10 номинация бойынша арнады және 37 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 10, II орын - 12, III орын - 15. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары наурыз айында облыстық турға қатысады, - дейді орталық әдіскері Арғынова Самал Багадатқызы.

   I орынды № 2 ЖОМ 7 сынып оқушылары «Отаным қасиетті туған жерім» номинациясында Тезекбаев Мадияр, «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясында Қанағатқызы Толғанай, № 6 ЖОМ 7, 9 сынып оқушылары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясында Массальская Александра, «Менің кіші Отаным» номинациясында Мурга Ксения, М Әлімбаев атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы, «Жақсылық керуені» - Нұрғали Асылхан, № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы «Менің ашық университеттерім» - Аспандиярова Даяна, № 33 ЖОМ 7, 9 сынып оқушылары «Мен - Қазақстан азаматымын» - Есмағанбетова Назерке, «Қазақстанның жеті кереметі» - Булуева Ригина,

   № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы, «Қайта өрлеу полюсі» - Бережной Артур,

   № 41 ЖОМ 9 сынып оқушысы «Киіз үй - ғаламның үлгісі» - Чапалова Юлианна иеленді.

   Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларында әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің, отбасылық құндылықтардың, салауатты өмір салты идеяларын насихаттаудың, бұқаралық спортты дамытудың, Қазақстанда тұратын халықтың мәдени дәстүрлеріне, тіліне құрметпен қараудың маңыздылығын көрсетуге тырысты.

   - Мен «Жақсылық керуені» атты жобамда Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек пен қолдау көрсетуге, олардың білім алуға, отбасына, еріктілер қозғалысын дамытуға тиісті көңіл бөлінетінін көрсеттім, - дейді М. Әлімбаев атындағы ЖОМ 8-сынып оқушысы Нұрғали Асылхан.

   - «Мен - Қазақстан азаматымын» жобасында біздің елімізде отбасының отбасылық адамгершілік негіздерін нығайтуға, балалар мен жастар ортасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тілі мен мәдениетіне құрметпен қарауды нығайтуға тиісті көңіл бөлінетінін көрсетті, - дейді № 33 ЖОМ 7-сынып оқушысы Есмағанбетова Назерке.

   ІІ орын № 2, № 21 (2), № 26, № 33 (3), № 34 (2), № 41, Б. Момышұлы атындағы № 20 мектеп-лицейі, III орын № 2, № 5 (2), № 11, № 18, № 19, № 28, № 34, № 36, № 39 (2), Қ. Мақпалеев атындағы № 16, 20 мектеп-лицейіне берілді .