ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық мектептерде адамгершілік-рухани тәрбие сабақтары өтуде
09-03-2022 17:39
Павлодарлық мектептерде адамгершілік-рухани тәрбие сабақтары өтуде

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 9 наурыздан бастап оқу жылының соңына дейін қаланың жалпы білім беретін мектептерінде ардагерлермен, қоғам және зиялы қауым өкілдерімен сынып-кездесулер өткізеді.

Кездесу барысында қатысушылар «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары», «Кітап - алтын қазына», «Халқымыздың салт - дәстүрлері-біздің мақтанышымыз», «Тарих-ұлтты тану жолы» тақырыптарында тақырыптық сынып сағаттарын жоспарлады.

Кездесулердің мақсаты өскелең ұрпақты патриоттық, адамгершілік-рухани, мәдени-эстетикалық тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктің ардагерлері Бектемиров Р. Б., Сейтқанов Т. Б., Әсенов Д. С., Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы,  Аккозинова Б. А., Шаяхметов Қ.Қ., Байғалы Ш.Б., Сыздықов Б.С., Маусымбаев С. Ш., Жұматов Е. С., Сатыбалдин С. К. өздерінің білімдерімен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өсиет сөздерін жеткізеді.

Оқушылардың ардагерлермен кездесулері 20-дан астам жалпы білім беретін мектептерде өтеді.  Алғашқы сабақтар 2022 жылғы 9 наурызда № 1, 7 мектептерде 9 - 11 сыныптардың 100-ден астам оқушыларының қатысуымен өтті.

Өз сөзінде ардагер Ермек Сағымбайұлы Жұматов ана тілін құрметтеу халықтың ұлттық санасының ажырамас бөлігі болып табылатынын, халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының маңыздылығы қазіргі өзгермелі әлемде ерекше өзекті екенін атап өтті.

Өз кезегінде 10 сынып оқушысы Сағатов Мейірбек қонақтардың сөзін үлкен қызығушылықпен тыңдап, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұрпақтарының сабақтастығы үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.