ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың үздік психологтері
10-03-2022 09:15
Республикалық байқаудың үздік психологтері

2022 жылғы 1 - 2 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайына «Жылдың үздік психологі» республикалық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық педагог-психологтер қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 2 психологі, байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары. Байқаудың мақсаты - психологтердің кәсіби деңгейін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық-практикалық білім беруді дамыту. Байқауды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодарлық мектептердің 2 қатысушысы М. Әуезов атындағы мектептің психологі Баисова Алма Құрымбайқызы мен Кенжекөл ЖОМ Ахмекенова Гүлжазира Мұхамедрахымкызы «Жылдың үздік психологі» республикалық байқауының қатысушысы сертификаттарымен марапатталды.

Байқауға қатысушылар «Психолог - болашақтың мамандығы» тақырыбына эссе, авторлық бағдарламаның презентациясы бар портфолио, бейнепрезентацияны ұсынды.

Алма Құрымбайқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламасы» (1 - 4 сыныптар), авторлық бағдарламасын, «Адам эмоциясы» тренингінің бейнепрезентациясын (4 сынып оқушыларымен) ұсынды. Мектепте 4 жыл жұмыс істейді, осы уақытта «Бастауыш мектепте оқу үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектісін дамыту» атты элективті курстың авторлық бағдарламасын жасады. 2022 жылы Волгоград қаласындағы «Абсолют» ғылыми баспа орталығының жинағында жарияланымы бар, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Отбасы мен жұптардағы зорлық-зомбылықсыз қатынастар» республикалық конференциясына қатысты (2021 жыл).

Гүлжазира Мұхамедрахымқызы байқауға «Балалардың қарым-қатынастарындағы оқшаулану ерекшеліктері мен психологиялық көмек көрсету жолдары» авторлық бағдарламасын ұсынды. Мектепте 4 жыл жұмыс істейді, республикалық олимпиадаларға, психологтер турнирлеріне белсенді қатысады. Ол «Шығармашыл психолог» республикалық байқауының «Зертханалық жұмыс» номинациясы бойынша жүлдегері (2020 жыл).