ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық сынып жетекшілері қауымдастығының отырысы
11-03-2022 10:35
Қалалық сынып жетекшілері қауымдастығының отырысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2022 жылғы 10 наурызда қаланың жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілері қауымдастығының кезекті отырысын өткізді. Отырыстың мақсаты экстремизм мен терроризм, өзіне-өзі қол жұмсау, оқушыларға вакцинация салу мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің алдын алу жұмыстарын одан әрі жетілдіру болды.

Отырыста Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы «Балаларға экстремизм туралы не айту керек» атты баяндама жасады. Баяндама барысында экстремизм мәселелері бойынша оқушылар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

Павлодар қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Сағитова Қымбат Ертісбайқызы «2022 жылы оқушыларға вакцинация салу және ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы» баяндама жасады. Ол қатысушыларды «Пфайзер» вакцинасының құрамымен және вакцинаға арналған ерекшеліктерімен таныстырды. Вакцинадан кейінгі реакциялар кезіндегі шаралар туралы түсініктеме берді.

№ 25 ЖОМ педагог-психологі Ордабаева Жанар Бейсенбайқызы «Оқушылар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмысы бойынша сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Сынып жетекшілерге арналған мақсатты курс өткізу ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша пікір алмасылып, тыңдаушыларға өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сабақ материалдары электронды-әдістемелік дайджесте орналастырылған және жұмыста пайдалану үшін мектептерге жіберілді.