ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Жансүгіров оқуларының қорытындысы
11-03-2022 10:39
Облыстық Жансүгіров оқуларының қорытындысы

«Ілияс оқулары» республикалық конкурсының бірінші облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 42 оқушысы, конкурстың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Павлодар қаласының № 38 (2), Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы мектептердің 4 оқушысы қатысты. Оқулар 2022 жылдың 10 наурызында Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында өтті, ұйымдастырушы облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

Ілияс Жансүгіров Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Жазушының шығармашылығы сан қырлы және алуан түрлі, ол ұлттық ақындық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты, қазақтың ауызша халық шығармашылығының дәстүрлерін дамытты. Жазушы өзіндік стилі бар поэтикалық, прозалық және драмалық туындылардың бүкіл галактикасын жасады.

Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, поэтикалық сөзді түсінуге және сезімге баулу, жас ақындарға әлеуметтік, рухани қолдау көрсету, олардың шығармашылық жұмыстарын жандандыру.

Ережеге сәйкес конкурс 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша облыстың 18 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 2 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

«Ілияс - эпик ақын» бағытында «Күй», «Күйші» Дауыржан Ердамыс поэмаларын жатқа орындағаны үшін, «Жазушының шығармасынан үзінді оқу» бағытында «Серт», «Айдаушы», «Тоғызда», «Әншіге», «Қонақтар мен қожайын», «Көңілім, неға алаңсың?» өлеңдерін жатқа оқығаны үшін № 38 НОМ 7 сынып оқушысы Хунафия Айдана ІІІ орын алды және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық байқауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.