ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың жалпы білім беретін мектеп директорларының кеңесі
14-03-2022 16:14
Қаланың жалпы білім беретін мектеп директорларының кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 11 наурызда қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының кеңесін өткізді.

Кеңесте «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының басшысы А.Л. Мұхаметжанованың «Пәндік олимпиаданың қорытындылары туралы» есебі тыңдалды. «Павлодар қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру, инклюзивті білім берумен қамтылған балаларды оқыту үшін жағдай жасау жөніндегі қызметі туралы» мониторинг қорытындысы тыңдалып, талқыланды.

«Алтын белгі» аттестаты мен үздік аттестатқа үміткерлер құжаттары-ның талаптарға сәйкестігіне мониторингтің аралық қорытындылар», «Павлодар қаласының мектептерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру туралы», «Балалар жылы шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспары туралы» ақпараты қаралды.

Кеңесте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина дарынды балалармен шығармашылық қызметті дамыту, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға, олимпиадаларға қатысу бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысын ерекше бақылауға алу, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін жеке бағдарламалар құру, педагогтармен және ата-аналармен жұмыс жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Қатаң есептегі құжаттардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру, «Күнделік» электронды журналын толтыру, педагогикалық кеңестің хаттамаларын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды дер кезінде анықтау және оларға қажетті көмек көрсету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жеріндегі тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру бойынша ұсынымдар берілді. Балалар жылына арналған жұмыс шеңберінде медиалық іс-шаралар өткізуді қарастыру.