Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жас педагогтар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің базасында қызығушылықтары бойынша 9 клуб ашылды: домбыра, гитара, шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, әлеуметтік желілерде SMM - маркентинг, ағылшын тілі. Клубтарды ашудың мақсаты - шығармашылық қызметті қолдау және жетілдіру, өзара іс-қимылды дамыту, жас педагогтердің табысты әлеуметтенуі мен толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруы.
- Клубтар коммуникативтік дағдыларды, кәсіби және шығармашылық қызметті дамыту, көшбасшылық қасиеттерді, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін құрылған.
Клубқа келгеннен кейін жас педагогтер бір-бірімен танысып, тәжірибелерімен бөліседі. Бұл жоба жас педагогтердің одан әрі дамуы мен кәсіби өсуіне арналған, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қуандық Тайболатов.
Бүгінгі таңда қызығушылық клубтарына 242 жас педагог қатысуға ниет білдірді. Алдағы уақытта қатысушылар саны толықтырылатын болады.