ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Әбішев оқуларының қорытындысы
25-03-2022 09:23
Облыстық Әбішев оқуларының қорытындысы

«Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 132 оқушысы, байқаудың  қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Павлодар қаласынан № 21 (5), 35 (2), 37 мектептерінің 8 оқушысы қатысты.

Оқулар 2022 жылдың 18 наурызында облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында өтті, ұйымдастырушысы облыстық білім  беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

Ережеге сәйкес байқау 4 бағыт бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша  64 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласының 7 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

«Иллюстрация» номинациясына 22 оқушы қатысты. І орынды № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Шакиева Меруерт иеленді. Ол Әбіш  Кекілбаевтың «Автомобиль», «Бәйгеторы» әңгімелеріне  суреттемелер  көрсетті.

«Мәнерлеп оқу» номинациясына 16 оқушы қатысты. III орынды № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жунусова Сабина иеленді. Сабина «Арман» прозасынан жатқа үзінді оқыды. Сәбина Ә. Кекілбаевтың «Арман» өлеңімен сөйлеген сөзінде адам өз мақсатына жету үшін армандай білуі, кез келген іске сүйіспеншілікпен, ақылмен қарай білуі тиіс деген ойды жеткізгісі келді. Бұл туралы ұлы Абай айтқан.

Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Сахналық қойылым» номинациясында 14 бейнеролик ұсынылды. ІII орынды «Көлденең көк атты» әңгімесі бойынша сахналық қойылым көрсеткен № 21 ЖОМ құрама командасы 9 - 11 сынып оқушылары Капанов Алимхан, Тоймырзы Аружан, Канапии Аружан, Манабаев Сарман, Джанаргалиев Алингакбар иеленді. Қатысушылар шешендік өнерді, артестизмді, импровизацияны көрсете алды.

    Облыстық «Әбіш оқулары» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары жазушының туған жері Маңғыстау облысында өтетін республикалық байқауға қатысады.