ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагог-психологтермен әдістемелік жұмыс
28-03-2022 09:33
Жас педагог-психологтермен әдістемелік жұмыс

Ынтымақтастық бағдарламасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Тәрбие алаңы» жобалық офисімен бірлесіп «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мүшелерінің өзара әрекеттесу алгоритмі» облыстық онлайн семинарды өткізді. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам педагог-психологтері қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Сәменқызы қатысушыларды І республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ережесімен таныстырды, тәжірибелі психологтерге ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау туралы өзінің әдістемелік құралдарын таныстыруды ұсынды. Карпова Ирина Владимировна, № 26 ЖОМ педагог-зерттеушісі, психологі, педагог-психологтердің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі облыс психологтерінің жұмыс тобының мүшесі облыс мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс жүйесі көрсетілді, инклюзивті білім беруді реттейтін негізгі заңнамалық актілер қаралды, мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиумдарды ұйымдастыру қағидалары нақтыланды. Қала және аудан мектептерінің мамандарына ақпараттар мен құжаттарға сілтемелер ұсынылды.

«Жаңа тәжірибе» облыстық жобасының бағдарламасы аясында 13 практикалық семинар өткізілді, оқу жылының соңына дейін тағы 3 семинар өткізу жоспарлануда. Семинар қатысушыларына әдістемелік ұсынымдар, нормативтік-құқықтық құжаттар тізбесі берілді. Семинар материалдары мектептерге жіберілді.