ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық ою-өрнектер - ата-баба мұрасы
29-03-2022 11:03
Ұлттық ою-өрнектер - ата-баба мұрасы

      «Ою-өрнек - ата-бабалар жолдауы» қалалық шығармашылық байқауына Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 10 сыныптарынан 26 оқушы қатысты. Мақсаты - ұлттық дәстүр, ұлттық мәдениет және өнер тарихын білу.

       Конкурс шарты бойынша қатысушылар екі бағытта қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы тақырыпты ашу, бейне-презентацияларды сапалы рәсімдеу, эссе жазу - өз көзқарастары мен ойларын жеткізе білу және талдай білу, мәтінді сауатты баяндаулары қажет болды.

          Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орынды - 2 оқушы, ІІ орынды - 3, ІІІ орынды - 5 оқушы иеленді.

І орынға № 21 ЖОМ 8 сынып оқушысы Елемес Ризажан, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Карнаухова Полина ие болды. Ризажан өзінің «Әр өрнектің астарында мағына бар» бейне-экскурсында «Қошқар мүйіз» ою-өрнегін жасап, оның қолданылуын көрсетті. «Ою-өрнек - қазақ бренді» эссесінде ою-өрнектерді әлемдік аренада брендтеу жолдарын баяндаған. Оның пікірінше, ұлттық ою-өрнектер бедерленген зергерлік бұйымдар осы жолда тамаша шешім бола алады.

Ал Полина қолөнер шеберлігін көрсетті. Бейне жазбада ою-өрнектермен безендірілген  қазақтың  ұлттық бас киімін жасау жолын ұсынды. Эсседе шетелдегі сән көрсетілімдерінде қазақ мәдениетін көрсететін заманауи қазақстандық дизайнерлердің рөлі туралы сипаттады.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.