«Music Art Festival» IV халықаралық шығармашылық байқауында «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды. Байқау 2022 жылдың 24 ақпаны мен 10 наурызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында вокал, би, хореография, көркем сөз бойынша қашықтықтан өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласының «Дарындар әлемі» болып табылады.
Байқауға «Жігер» клубының «Тіл мен өнер» үйірмесінің тәрбиеленушілері «Көркем сөз. Соло» номинациясына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бейімбет Майлиннің «Кедейлер» өлеңін орындағаны үшін Әсет Әдия бас жүлдені, Қадыр Мырза Әлидің «Бәрі де ана» өлеңін орындағаны үшін ІІ орынды Қарақат Тойғозы иеленді.
Әдия, «Жігер» клубының тәрбиеленушісі дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 7-сыныпта оқиды. 7 жыл бойы клубқа барады, 2019 жылы «Лазурный берег» халықаралық байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды, 2020 жылы «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» республикалық қашықтық байқауында I орын, 2021 жылы «DreamFest» халықаралық шығармашылық байқауының «Көркем сөз» номинациясында, «Серпер» халықаралық қашықтық байқауында I орын алды.
Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияның 4 сынып оқушысы, «Жігер» клубының тәрбиеленушісі Қарақат 3 жыл бойы клубта айналысады. 2021 жылы «Ертіс» телеарнасының «Тәуелсіздікке тарту еттім өлең-жыр» облыстық бейнероликтер байқауында II орын алды.
Үйірменің жетекшісі Илялова Аягөз Серікқызы, ол жоғары кәсібилігі мен өскелең ұрпақты шығармашылық дамытуға, оларды өнерге тартуға деген ұмтылысы үшін дипломмен марапатталды