ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тау туризмі техникасы бойынша Қазақстан чемпионатында жас туристердің жетістігі
31-03-2022 09:11
Тау туризмі техникасы бойынша Қазақстан чемпионатында жас туристердің жетістігі

21 - 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жасанды рельефте тау туризмі және спелео - туризм техникасы бойынша Қазақстан чемпионатына еліміздің әр өңірінен келген жасөспірімдер, ересектер қатарынан 32-ден астам команда жиналды. Сонымен қатар, «Горизонт» кубогына туристік көпсайыс бойынша республикалық жарыстар өткізілді. Павлодар атынан «Пирамида», «Вершина» туристік клубтарынан, экология және туризм орталығының СЮТур» балалар аула клубынан 25 тәрбиеленушісіден тұратын «Павлодар», «Павлодар-1» 2 командасы қатысты.

Қажырлы еңбек пен көп сағаттық жаттығулардың арқасында клуб тәрбиеленушілері жақсы нәтиже көрсетті - I орын - 20, II орын - 18, III орын - 13.

Жасанды рельефте тау туризмі бойынша жалпы командалық І орынды «Командалық» қашықтықта жасөспірімдер арасында «Павлодар» командасы иеленді, құрамында Киселев Артем, Синченко Никита, Идрисов Елнура, Деркач Кирилл, Муравкина Дарья, «Жеке» қашықтықта «Павлодар-1» командасының тәрбиеленушісі Ықласова Альбина алды. Сонымен қатар, «Павлодар» командасы жасөспірімдер арасындағы «Командалық» қашықтықта I орын алды.

Спелео-туризм бойынша жалпыкомандалық І орынды «Павлодар»  командасы алды, құрамында: Мартенс Анна және Ясюр Дмитрий, Тоғайбаева Мадина және Горбиков Варвара, жасөспірімдер арасында «Командалық» қашықтықта, сондай - ақ екі I орынды – «Байламдар» қашықтығында алды. Қатысқаны үшін «Павлодар-1» командасы Фирсюк Алина, Кузнецова Алена, Ергатова Олеся, Булатова Азиза, Вишенкова Анна, Үсенов Ильдар, Ридзаускайте Валерия марапатталды.

Ересектер арасында жалпы командалық ІІІ орынды Сидоренко Михаил, Кадеев Рамиль, Лихолатов Константин, Бикмулина Даниядан тұратын «Павлодар» командасы иеленді.

«Горизонт» кубогына жалпы командалық орынды «Павлодар» командасы алды, жасөспірімдер арасында I орын, ересектер арасында II орын, жасөспірімдер арасында III орын. Жетекшілері Агалаков Сергей Николаевич, Ридзаускас Владислав Юрьевич, Ридзаускене Ирина Валерьевна.