ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Критериалды бағалау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар
31-03-2022 18:06
Критериалды бағалау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар

Павлодар қаласының білім беру бөлімі педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп онлайн режимде «Критериалды бағалау» вебинарын өткізді. Мақсаты - жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушыларды критериалды (формативті) бағалау бойынша ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру. Вебинарға бірінші жыл жұмыс істейтін қала мектептерінің қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 150-ден астам жас мамандары қатысты.

Оқушыларды критериалды бағалау, кері байланысты ұйымдастыру сұрақтары бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «ПроЛС» клубының жетекшісі, әдіскер Шолпан Сәменқызы Нұрахметова түсініктеме берді. Вебинардың модераторлары аға менеджер, Buroakzent бүкілресейлік халықаралық тренерлер байқауының «Тәжірибелі жаттықтырушы - 2019» номинациясының жеңімпазы Мельникова Юлия Геннадьевна, аға менеджер, педагогикалық шеберлік орталығы филиалының дербес тренингтер мен вебинарлардың авторы Ибраева Айман Рахимжанқызы болды.

Қатысушылар критериалды бағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы сұрақтарды зерттеді, қалыптастырушы бағалау практикумын өткізді: 3 қадам, қалыптастырушы бағалау мен БЖБ үшін тапсырмалар құрастыру алгоритмін талдады, ашық және жабық типтегі бағалауға арналған тапсырмаларды қарады, жабық типтегі тапсырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады. Вебинар материалдары электрондық-әдістемелік дайджестте орналастырылды және жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне таратылды.