ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының білгірлері
05-04-2022 10:16
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының білгірлері

«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі 2022 жылдың 1 сәуірінде өтті. Мақсаты - Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасы арқылы халық шығармашылығы негізінде шығармашылық қабілеттерін қолдау, эстетикалық және мәдени тәрбие беру. Байқауға қаланың 20 жалпы білім беретін мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 46 талантты оқушылары қатысты. Олардың 20 - ы жүлделі орындарға ие болды - І орын - 5, ІІ орын - 5, ІІІ орын - 10.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп  бақтым мен де білген" бағытында қатысушылар ұсынылған тақырыпқа өз өлеңдерін жаза отырып, импровизациялық мүмкіндіктерді көрсетті. Бұл  бағытта «Нанайын ба?» өз өлеңін үздік  оқыған № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Нұрайым. ІІ орынды № 38 НОМ оқушысы, ІІІ орынды М. Әлімбаев атындағы, № 17 ЖОМ оқушысы иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіптен  жақсы» бағытында Мәшһүртану тақырыбында жазылған ғылыми жобаларға баға берілді. № 28 ЖОМ 11 сынып оқушысы Бекова Милана «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармашылығындағы мақал-мәтелдер» атты үздік жоба деп танылды. ІІ орынды № 17 ЖОМ, ІІІ орынды № 21 ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді.

«Білімді зерек адам болам! - десең, Қара өзіңді  басқаның айнасымен» - қатысушылар эссе жазды. № 38 НОМ 8 сынып оқушысы Солтанмұрат Аяулым «Мәшһүртану саласы» атты эссе үшін үздік атанды. Эсседе мен қазіргі әдебиеттанудағы мәшһүрттанудың рөлі туралы тақырыпты ашып, өз тұжырымдарын жасай алды және тақырыпқа талдау жасады. ІІ орынды № 25 ЖОМ, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды № 20 мектеп-лицейінің, № 28, 37 мектептердің оқушылары иеленді.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытының шарты - ақынның фольклорлық басылымдарында келтірілген ұлы тұлғалардың сипаттамасы. № 19 ЖОМ 9 сынып оқушысы Қайыргелді Ерасыл мен № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Құнанбаев Ернар жеңімпаз атанды. ІІ орынды № 17 ЖОМ оқушысы, ІІІ орынды № 21, 33 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ оқушылары иеленді.

І орын алған оқушылар 5 сәуірде облыстық оқу кезеңіне қатысады.