ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
05-04-2022 10:25
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған халықаралық зерттеулерге сәйкес тапсырмаларды құрылымдау әдістемесін зерделеу мақсатында үш күндік семинар сабақтарын өткізді. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 100-ден астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Спикерлер ретінде Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының оқытушылары Ахметниязова Айгүл Жұматқызы, Сәрсенова Сәуле Кенжетайқызы және № 11 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Пирожкова Татьяна Валентиновна, № 18 мектептің мұғалімдері - Асаинова Айнұр Қабиденқызы, Рогатова Гүлжамал Ермекқызы сөз сөйледі.

Семинарда «Өрлеу» орталығының мамандары мұғалімдермен бірлесіп «Мәтін орталық тәсілі», «Оқырмандар сауаттылығының тұжырымдамасы», «Оқырман шеберлігі», «Көптеген мәтіндер», «Тапсырма құрылымы», «Функционалдық сауаттылық үлгісі» тақырыптары бойынша жұмыс жасады. Топтар бойынша жұмыста мұғалімдерге мемлекеттік оқу бағдарламасына сүйене отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу, оқудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған МОДО, PISA халықаралық зерттеулерінің талаптары шеңберіндегі тапсырмаларды құрылымдау ұсынылды.

Мәтіндерді оқу және эссе жазу арқылы функционалдық сауаттылықты қалай қалыптастыру, 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша № 11 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Татьяна Анатольевна Пирожкова және № 18  мектептің Асаинова Айнұр Кабиденовна жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Ұсынылған презентацияларда мұғалімдер оқушылармен эссе жазу бойынша жұмыс істеу тәсілдерін, эссенің белгілі бір құрылымдық бөліктерін өңдеу тәсілдері мен әдістерін, оларға арналған клише үлгілер деректемелерін, тапсырмалар үлгілері мен мәтіндермен жұмыс істеу алгоритмін, мәтіндер негізінде эссе жазуды көрсетті. Мұғалімдер эссе жазудағы және әр оқушының мәтіндерімен жұмыс жасаудағы білім деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін әзірлемелермен бөлісті: жұмыс парақтары, эссе жазу бойынша жеке жұмыс парақтары, жадынамалар және басқа материалдар. Мұғалімдер жүргізетін жұмыс функционалды сауатты тұлғаның жалпы дамуына ықпал ететін білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.