ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық спартакиадада жалпыкомандалық бірінші орын
06-04-2022 11:56
Облыстық спартакиадада жалпыкомандалық бірінші орын

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Sport Fest Kazakhstan» облыстық спартакиадасында Павлодар командасы жалпыкомандалық І орынды иеленді. Спартакиада 2022 жылдың 5 сәуірінде Павлодар қаласының № 25 ЖОМ өтті, ұйымдастырушысы облыстық білім беру басқармасының Дене шынықтыру бойынша аймақтық оқу-практикалық орталығы болып табылады. Мақсаты - әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери-қолданбалы спорт түрлерін меңгеру, болашақ Отан қорғаушыларды даярлау.

Спартакиадаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам оқушысы, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары, оның ішінде Кенжекөл ЖОМ, № 7, 35 мектептердің 10 сынып оқушылары құрамында Павлодар қаласының құрама командасы қатысты.

Жарыс спорттың төрт әскери-қолданбалы түрінен өтті - АК-74 бөлшектеу және құрастыру, оқ ату, белтемірге тартылу, денені көтеру.

Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар қатарында Павлодар қаласы командасының қатысушылары Шарбақты ауданы мен Ақсу қаласы командаларын озып, Samruk Kazyna Trust корпоративтік қорының «Sport Fest Kazakhstan» алтын медалімен және кубогымен марапатталды.