ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқауда жас музыканттар халықтық және классикалық музыканы орындады
07-04-2022 09:03
Республикалық байқауда жас музыканттар халықтық және классикалық музыканы орындады

Жас музыканттардың 55-ші республикалық фестиваль-байқауына облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің 400-ден астам оқушылары, облыстық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Павлодар облысының атынан Павлодар, Екібастұз қалаларының, Ақтоғай, Шарбақты ауылдарының музыкалық мектептерінің 11 оқушысы өнер көрсетті. Байқау 28 наурыз - 4 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы онлайн форматта солист-аспапшылар, музыкалық ұжымдар бағыттары бойынша өткізілді.

Қазылар алқасы қатысушылар ұсынған конкурстық жұмыстарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің дирижері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Республиканың музыкалық колледждерінің оқытушыларымен бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Мектеп қоржынын 5 жүлделі орынмен толықтырды. І орынды 10 жастағы домбырашы Қайрбек Маржан, оның орындауында А. Жайымовтың «Шалқыма», Тәттімбеттің «Сырнайлы Қосбасар», Құрманғазының «Кедей зары», гитарашы Зубарева Мария, 11 жаста М. Каркассидің «Рондо», Б.Байқадамовтың «Желдірме», З. Смирнованың «Свет далекой звезды» шығармаларын орындап алды.

«Ұжымдық музыка ойнау» номинациясында II орынды «Серпін» фольклорлық ансамблі иеленді.

ІІІ орынды домбырашы Хамит Ниязбек 13 жаста, Баймыш Аяна 16 жаста жетігенде ойнап, гитарист Ксения Южакова 11 жаста байқаудың дипломанты атанды. Олардың орындауында Е. Үсеновтың, Құрманғазы, Д. Нұрпейісованың, В. Маляровтың, Б. Бекмұханбетовтың, А. Диабеллидің, В. Козловтың, А. Винницкийдің шығармалары орындалды.

- «Әр түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу орындаушылық шеберлікті, шығармашылық өсу мен кәсіпқойлықты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді», - дейді мектеп басшысының орынбасары Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев.